МАШИНОСТРОЕНИЕ
ПАВЕЛ БЕКЛЕМИШЕВ:
«НА БАЗЕ ТОГО БОГАТСТВА, КОТОРОЕ ИМЕЕТ КАЗАХСТАН, МЫ МОЖЕМ СТАТЬ…»
Читать
ГЕОЛОГИЯ
«СЛАГАЕМЫЕ УСПЕХА: ДОСТУПНАЯ ЦЕНА + КАЧЕСТВО + НАДЕЖНОСТЬ»
Асетилла Кенжекулович ЖАНЫСБЕКОВ, директор компании «Нурстройсервис-НП» подтверждает делом, что строителям дана уникальная возможность – делать людей счастливыми.
Читать
# 3 (19) 2017
СОДЕРЖАНИЕ
НЕФТЕГАЗОВЫЙ СЕКТОР
НЕФТЕГАЗОВЫЙ СЕКТОР
АТАМЕКЕН
ПОРТРЕТ КОМПАНИИИ
ПРОИЗВОДСТВО
ПОРТРЕТ КОМПАНИИ
ПОРТРЕТ КОМПАНИИ
ПОРТРЕТ КОМПАНИИ
ПОРТРЕТ КОМПАНИИ
ОБРАЗОВАНИЕ
EDUCATION
АНАЛИТИКА
МЕДИЦИНА
ТОО «САУТС ОЙЛ»
С заботой о будущем Казахстана
SOUTH OIL LLP.
With care for the future of Kazakhstan
Алматинцам презентовали новый объект туризма
В Алматы открыт новый кластер IT-индустрии
Акция «Атамекенім»
«Атамекенім» акциясы
ТОО «АППАК»:
инновационность и высокие стандарты
APPAK LLP:
innovative approach and high standards
Bal Tekstil company – carpet leader of Kazakhstan
Компания «Бал Текстиль» – ковровый лидер Казахстана
СПК «Хамит»:
новатор рыбного производства
Hamit agricultural production cooperative: fish production innovator
Академия UCMAS – откройте гения в своем ребенке!
UCMAS Academy – make your child genius!
Проблемы инновационного развития Казахстана
Казахстан участвует во Всемирной кампании против рака груди
Международный конгресс «Центрально-Азиатская гастроэнтерологическая неделя-2017»
«Атамекенім» акциясы
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын бастады.
Акция ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бола шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауап кершілікке бағытталған.
Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүр леріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп, жалпыұлттық патриотизм жаңғырудың негізгі тетіктерінің екенін анық көрсетеді. Ұлт тық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» акциясы арқылы бизнестің рөлін талқылауды жандандыруға, оның туған жердің дамуы үшін, жекелеген қайырымылық көмегін көрсетуде әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ниетті.
Ұлттық палата аталған бағытта кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету үшін бірқатар ұсыныстар дайындады.
БІРІНШІ
Әлеуметтік мәселелер реестрі
Нақты мәселелерді шешуге, жалпы кәсіби қайырымдылықты дамытуға бағытталған атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыру үшін Әлеуметтік мәселелер реестр жасалады. Әлеуметтік мәселелер реестрі арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтінім-тілектермен таныса алады.
Өтінім қалдыратын немесе кері байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да іске қосылады. «Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкімдігімен бірге Екібастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдімекендер жеке-жеке енгізілген Әлеуметтік мәселелер реестрін дайындады.
Оған ауыз су тапшылығы, жол жөндеу секілді бірқатар мәселе енді. Облыстарда және әрбір елдімекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін мәселелерге сұрыптау жүргізу ұсынылады. Кәсіпкер сол мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі немесе басқа да тәсілдерді пайдалануы үшін Әлеуметтік мәселелер тізімімен таныса алады.
ЕКІНШІ
Моральдық көтермелеу шаралары арқылы бизнесті ынталандыруды күшейту
«Парыз» мемлекеттік наградасын беру ұсынылып отыр. Награданы берудегі мақсат – қайырымдылық идеясын өрістету мен мәдениетін қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, демеушілік көрсетіп, үздік әлеуметтік жобаны іске асыруға, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын енгізуге қосқан үлесін үлесін жоғары бағалау.
«Парыз» байқауының өлшемдерін жетілдіру. Кәсіпорындардың болашақта әлемдік тауар нарығына шығуына ықпал ететін халықаралық стандарттар көрсеткішімен толықтырылуы мүмкін.
Әлеуметтік мәселелерді шешу саласындағы кәсіпкерлік және т.б. үшін «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» аталымын енгізу. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қайырымдылық қызметі барысында өздері жасаған әлеуметтік инфрақұрылымға кәсіпкерлердің есімін беру ұсынылады.
ҮШІНШІ
Қайырымдылықты ынталандырудың экономика лық шаралары
Салық кодексінде Кәсіпкер қызметінде әлеуметтік, экономика және экология салаларындағы жобаларды жүзеге асыру немесе қатысу арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын ерікті түрде қолдану бойынша белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.
Ірі салық төеушілер мониторингіне еннген салық төлеушілер – салық салынатын табыстан 3%-дан аспайтын жалпы сома көлемінде, Жоғарыда аталған салық төлеушілерден бөлек салық төлеушілер – салық салынатын табыстан 4%-дан аспайтын жалпы сома көлемінде.
Бүгінде жеңілдіктерді пайдаланудың қолданыстағы механизмдерінің тиімділігі, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсері туралы бағалау мен мониторингі қажет. «Атамекенім» акциясы арқылы осы мәселеге қатысты ұсыныстар мен кеңестерді айтуға болады.
ТӨРТІНШІ
Кәсіпкерлік зердені дамыта отырып жаппай кәсіпкерлікке оқыту
«Атамекен» ҚР ҰКП 2017-2020 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 15 000 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жоспарлап отыр. Қатысушылардың кемінде 3 мыңы жеке кәсібін ашуы керек. «Бастау Бизнес» республиканың барлық өңірінде жүзеге асырылып отыр.
Алғашқы үш лектің қорытынды бойынша 7835 адам білім алды, оның 4986-сы бизнес-жоспарларын қорғады. 1374 қатысушы жылдық мөлшерлемесі 6%-ды шағын несие арқылы жеке кәсіптерін ашып, бизнестерін ұлғайтқандары да бар.
Бизнеске оқыту кәсіпкерлік қызмет секілді прагматизм қағидасына негізделген. Елбасы мақа ласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң ғыру ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп көрсеткен.
Сондықтан кәсіпкерлік тұрғысынан ойлауды қалыптастырған маңызды. Ұлттық палата 10-11 сыныптардың мектеп бағдарламасы «Кәсіпкерлік пен бизнестің негіздері» пәнін қосуға бастама көтерді. Бүгінде мектеп бағдарламасы әзірленді, оқулық дайындау мен педагогтардың біліктілігін арттыру жұмысы жүріп жатыр.
Аталған пән жас ұрпақты мектептен бастап кәсіпкерлікке баулуға, қаржылық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді. Оқулықпен қатар пән негізіне айналатын оқыту порталын дайындау жұмысы атқарылуда.
«АТАМЕКЕНІМ» АКЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АЛАҢЫ
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Facebook әлеуметтік желісінде жалпыға ортақ «Атамекенім» тобын ашты. Бұл топ әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғам мәселесін шешу үшін атсалысуға дайын, кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған.
Акция мен форумның қорытындысы бойынша «Атамекен» бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытуға ынталандыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына береді.
Адрес редакции:
Республика Казахстан, 050026, г. Алматы,
ул. Кожамкулова,16В
Тел.: +7 (727)233 50 42
Моб.: +7 702 765 20 00
+ 7 777 276 64 32
e-mail: novaera01@bk.ru
Издается с января 2014 г.
Зарегистрирован в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Регистрационное свидетельство №15904-Ж от 25.03. 2016 г.
Собственник и издатель – ИП «Костина И.А.»