О нас

Рекламодателям

Контакты

Компетенция орталығы ашылады

Астанада VII «Майнекс Орталық Азия 2016» кен өнеркәсібі форумы аясында Тау-кен металлургиялық кешеннің (ары қарай – ТКМК) Біліктілік орталығын құру жөніндегі құрылтайшылық құжаттарға, сондай-ақ, Орталықтың тәжірибелік қызметін дамытуүшін оның алғашқы клиенттерімен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою салтанаты өтті.Орталықтың қызмет бағыттарының бірі ҚР ТКМК саласында «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналмақ. Орталық 2016 жылдың екінші жартыжылдығында Алматыда ашылады деп жоспарланып отыр.

 

 

 

 

«Бастапқы кезеңде Біліктілік орталығында кен байыту фабрикасындағы өндірістік желінің жұмыс үлгісі орна тылатын болады. Оқушылар озық тәжірибе үлгілерімен танысып қана қоймай, сонымен бірге, өндірістік желінің тиімділігін арттыру үшін оның жұмысына өз бетінше түзетулер енгізе алатын болады. Ары қарай біз ТКМК саласындағы компанияларға кен өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін модульдерді ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.

Орталықтың тұңғыш клиенттерінің қатарында Еуразиялық Топ (ERG),Полиметалл («Варваринское» АҚ) секілді ең ірі тау-кен өндіруші және металлургиялық компаниялар бар. ТКМК Біліктілік орталығы аясындағы автоматтандыру және терең талдау жүргізу жөніндегі бірінші модуль биыл іске қосылмақ, онда өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру (өндірістің тоқтап қалуын 35-45%-ға төмендету, өнімділікті 20-25%-ға арттыру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды 20-30%-ға азайту) мақсатында деректерге терең талдау жүргізілмек. Қазіргі таңда кен байыту фабрикалары базасында пилоттық жобаларды жүргізу жөнінде жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуде.

ТКМК Біліктілік орталығы «McKinsey» компаниясының атсалысуымен негізі қаланған біліктілікті көтеру жөніндегіәлемдегі он алтыншы орталық саналады, ал Қазақстан үшін бұл осындай бағытта қызмет жүргізетін тұңғыш орталық болып отыр. «McKinsey» компаниясының қатысуымен ұйымдастырылатын біліктілікті көтеру орталықтарыәрекет арқылы оқыту қағидасын ұстанатынымен ерекшеленеді, яғни қатысушылар ұсынылып отырған жұмыс әдістерін  тәжірибе жүзіде қолданып көріп, олардың әсерін бағалай алуы үшін оқыту үдерісінде өндіріс жағдайларына ұқсас орта құрылады.  Орталықта тау-кен металлургиялық индустрияның мамандары оқудан өтпек, кейін олар оқып-үйренген білімдерін өз жұмыс орындарында қолданып, терең талдау жүргізуге арналған ақпараттық технологияларды өндіріске ендіретін болады.

Индустриялық интернет базасындағы «Индуст- рия 4.0» тұжырымдамасын немістің өнеркәсіпшілері жасап шығарған, кейін ол американдық корпорациялар тарапынан қолдау тапты. Аталған тұжырымдама технологиялық тізбектің бүкіл желісінде өндірісті оңтайландыруға бағытталатынымен ерекшеленеді. Оңтайландыру үдерісі ауқымды дерекетерді жинап, оларды ақылды сенсорлар көмегімен өңдеуге, ақпараттың үлкен көлемін бұлттық сервис арқылы кез келген жерден жіберуге және өңдеуге, сондай-ақ, адамның қатысуынсыз түрлі әрекеттерді жасауға негізделген. Сондықтан «Индустрия 4.0» тұжырымдамасының әлеуеті аса зор саналады.

«Индустрия 4.0» тұжырымдамасының элементтерін қолданысқа ендірудың арқасында өндіріс пен оның инфрақұрылымына ақылды интернетті ықпалдастыруға, сондай-ақ, шығындарды барынша азайта отырып, қажетіліктерге байланысты нысаналы өндірістің параметрлерін өз бетінше белгілеуге мүмкіндік пайда болады. Осылайша өнеркәсіптік интернетті және «Индуст- рия 4.0» тұжырымдамасын дамыту арқылы қорлар тиімді басқарылып, өндірістік үдерістерге терең талдау мен оңтайландыру жүргізілетін болады.

 

 

 

#1 (13) 2016

СОДЕРЖАНИЕ

НАУКА

АЛЬТЕРНАТИВНАЯ ЭНЕРГЕТИКА

МЕДИЦИНА

СОБЫТИЕ

НАУКА

ПРиродоохранная деятельность

ТЕХНОЛОГИИ

АВТОПРОМ

МИРОВЫЕ ТЕНДЕНЦИИ

ЭКОНОМИКА

КУЛЬТУРА

Измерения в динамичном мире

Vista international – пионеры ветряной энергии

Объединимся, чтобы победить туберкулез!

Объявлены победители TechGarden’s Startup Day в рамках Startup Tour Road Show

Импульс к росту: зачем Казахстану необходим TechСonnect

В Алматы откроется Центр компетенций ГМК

С прицелом на завтра

Формирование дна реки воздействием

на течение

Еда будущего

Метаморфозы моды: «живые» бабочки на ярком платье

10 лучших изобретений 2015 года

Поезда-невидимки: ноу-хау  японской  железной  дороги

ASWY  выпустила летающую  колонку

Илон Маск как главный инноватор мира

Развитие инновационных отраслей промышленности Китая

Торгово-экономическая миссия республики Карелия в Алматы

XV Международный фестиваль джаза

Торгово-экономическая миссия предприятий республики Беларусь

Создана  наклейка-инъекция для  больных  диабетом

 

МАТЕРИАЛЫ, КОТОРЫЕ МОГУТ БЫТЬ ВАМ ИНТЕРЕСНЫ

 

 

 

ПИТ представил центр компетенций ГМК

 

Парк инновационных технологий

совместно с McKinsey&Company представил

стенд Центра компетенций горно-металлургического комплекса (ГМК) на выставке «Astana Mining&Metallurgy».

 

 

ИННОВАЦИИ

Читать

 

 

 

Объявлены победители TechGarden’s Startup Day в рамках Startup Tour Road Show

 

На протяжении двух дней в стенах Университета AlmaU авторитетное жюри выбирало наиболее перспективные проекты. Алматы входит в тройку лидеров тура по количеству участников и поданных работ – в этом году их количество составило 577 и 229 соответственно.

 

КОМПАНИЯ

Читать

 

 

 

Компетенция орталығы ашылады

 

Орталықтың қызмет бағыттарының бірі ҚР ТКМК саласында «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналмақ. Орталық 2016 жылдың екінші жартыжылдығында Алматыда ашылады деп жоспарланып отыр.

 

ДОСЬЕ

Читать

Адрес редакции:

 

Республика Казахстан, 050026, г. Алматы,

ул. Кожамкулова,16В

 

Тел.:  +7 (727)233 50 42

 

Моб.: +7 702 765 20 00

            + 7 777 276 64 32

 

e-mail: novaera01@bk.ru

Издается  с января 2014 г.

Зарегистрирован в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Регистрационное свидетельство №15904-Ж от 25.03. 2016 г.

Собственник и издатель – ИП «Костина И.А.»

 

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.