О нас

Рекламодателям

Контакты

ҚАЛИ ТОМПИЕВ

МЫС АЛЫБЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚYРЫЛЫСШЫСЫ

 

Осынау адамдардан шеге жасаса:

Одан мықты шеге әлемде болмас еді!

 

Ұлы дәуірдің ұлы адамдары туралы осы тебіреніске толы әрі қызықты әңгімені біздің журналымыздың редакциясына Марал Томпиев, Балқаш кен-металлургия комбинатының аяғынан нық тұруына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан сол Қали Томпиевтің, өзін де, күш-қуатын да аямай, бүкіл өмірін, өзінің бүкіл жанқиярлық еңбегін Ұлы Отан соғысындағы жеңіске, сүйікті ісіне, маңғаз түрде Мыс алыбы аталатын  сүйікті перзентіне арнаған Қали Томпиевтің немересі ұсынған болатын.

 

 

 

 

Қалидың жолы

 

Менің атам Қали Томпиевтің ата-бабалары Көкбөрі Керней батыр тегінен тараған қазақтың Қаракесек руынан шыққан. Қали – қазақ-жоңғар шайқастарының батыры, жоңғарлардан Тайатқан-Шонақ жерлерін тартып алған Ес батырдың (1683-1733) сегізінші ұрпағы.

Керней батырдың тұтас бір әулетінің қолбасшыларының немересі Ес батыр өзінің әруағы (Рухы) жауды аңдып, атамекенін қорғап жатуы үшін ең биік төбеге жерлеуді өсиет етіп кеткен. Ұрпақтары осы төбені «Ес батырдың қарауыл төбесі», ал оның айналасындағы даланы – «Ес батыр жазығы» деп атап кетті.

Осы жерде қалмақтардың молалары өте көп, тіпті кішігірім тас қорған да бар (оба), бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атауға ие. Осы жерлерде қазақ батырларының Сарыарқаға сапары кезінде жоңғарлармен алғашқы шайқастары болған.

Төбенің басында жергілікті тақтатастан қашалған бастапқы күмбез орасан зор болған – диаметрі 9 метрге жуық және биіктігі 12-13 метр, бірақ уақыт өте келе ол біраз бүлінген. Қазір оның ұрпақтарының – Қалидың балаларының және немерелерінің күшімен күмбез кішірейтілген түрінде қалпына келтірілді.

Қалидың әкесі – Томпы – аңшы, батыр-мерген, орта шаруа болған. Томпы жомарт еді, бүкіл ауылды асыраған. Менің бабамның телқоңыр бауыры – тамыры – орыс көпесі Григорий Степанов болған, менің атам орыс бастауыш мектебінде оқыған кезінде соның отбасында тұрған.

Беймаза ХХ ғасырдың 20-жылдарында қазақтың феодалдық элитасы – сұлтандармен, молдалармен,билер мен байлармен күрес жүрді. Орташалар мен қарапайым көшпелілердің мал-мүліктерін тәркілеуге жеткен кезде Қали бүкіл малын туыстарына таратып беріп, Ортау тауынан он күн ішінде Шоқпар асуына (Аягөздің маңында) дейін жеткен, мұнда «Түрксіб» темір жолының құрылысы қызу жүріп жатқан болатын.

Атамның әңгімелеуінше, асудан өтер кезінде ол Балқаш көліне құятын мол сулы Тоқырау өзенінің (судың деңгейі сол кезде қазіргі кездегісінен 3-4 метрдей жоғары болған) жағасында түнеген екен. Содан таң атқанда оған дәу жолбарыс бас салуға шақ қалыпты. Қали сонда өзін күтпеген жерден оятып, құтқарып қалған аңшы әкесі Томпының әруағы (рухы) деп санайды. Ұшып тұрған Қали көл жағасынан он метрдей жерден азуы ақсиған жолбарысты көреді. Сол сәтте Қали әкесінің өсиетін есіне түсіреді – мұндай алпамсадай аңды бір атқаннан өлтіру мүмкін емес, одан да оны қорқыту керек. Әкесінен берілген аңшылық машығы жақсы Қали сасқалақтамастан ауаға оқ атады, жыртқыш өз бетімен кете барады. Ол кездерде Балқаш өңірінде жолбарыс көп болатын, жазда олар өзен жағасын бойлай Сарыарқаның таулы, салқын аудандарына қоныс аударатын, ал қыста көлдегі қамыс арасында күн көретін. Өкінішке орай, соңғы жолбарыс соғыстан кейін, 50-жылдардың басында атып тасталған.

Осы тұста біраз артқа шегініс жасаған дұрыс. Біз ҚР Үкіметінің Тұран (Балқаш) жолбарысына арналған Ұлттық парк құру туралы идеясын қолдаймыз, ол 2019 жылы ашылатын болады. Бұл шешім Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) және Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастырған Халықаралық конференцияда Тұран жолбарысын реинтродукциялау бағдарламасы бойынша қабылданды. 2017 жылы Алматы облысында жалпы аумағы 437 мың гектар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватын құру жоспарланып отыр. ...Орыс тілін білгендігінің арқасында Қали білікті жұмысшы, кейінірек бригадир болады. Түрксіб құрылысы аяқталған соң оны Успенск мыс руднигіне жібереді. Ол жерде менің атам тасып шығарушы шахтер және мыс кенін өңдеуші шебер болып жұмыс істейді.

1931 жылы оны білікті шебер ретінде Ресейге, Первоуральск қаласына, Металлургия шеберлерінің мектебіне оқуға жібереді, мұнда Қали түсті металдарды байытушы-шебер дипломын алады. Одан кейін оны Балқаш көліндегі бірінші Мыс алыбы тәжірибелікбайыту фабрикасына еңбек етуге жолдайды.

#2 (14) 2016

СОДЕРЖАНИЕ

ОТ ПЕРВОГО ЛИЦА

Геология

ОБРАЗОВАНИЕ

Агросектор

Легкая промышленность

ИСТОРИЯ

КУЛЬТУРА

ИТОГИ

Бизнес

МЕДИЦИНА

ПРОЕКТ

ИННОВАЦИИ

НАНОТЕХНОЛОГИИ

HI-TECH

СТАТИСТИКА

ОПЕРАТОР

БУДУЩЕЕ

Дулат Калитов, компания «Геотерм» «Инновации в гидрогеологии Казахстана»

Ждите революционного взрыва в геологии

Невозможное - возможно

Казахскому  институту картофелеводства и овощеводства – 70 Лет !

Нелегкий путь легкой промышленности

Кали Томпиев.

Первостроитель Медного гиганта

Музыка сердец: Forte music fest – 2016

Аблай Мырзахметов отчитался о работе «Атамекен»

ЕБРР выделил средства на программу «Женщины в бизнесе»

VIII конгресс кардиологов республики Казахстан

Кафе, где работают особенные люди

ПИТ представил центр компетенций ГМК

Мобильники можно заряжать от тела человека

Железные дороги станут пластиковыми

Казахстанцы стали меньше тратить на мобильную связь

Tele2 демонстрирует рост основных показателей

Отпуск через 30 лет

Благотворительное медобслуживание

от госпиталя «Кангнам Северанс»

Новое оружие против малярии

Предприниматели алматинской области подвели итоги

 

 

 

Мыс алыбының Пайда болуы

 

Құрметті оқырмандар, мұнда мен өзімнің атақты атамның өмірбаянында шағын үзіліс жасап, сіздерді Балқаш комбинатының қалыптасуы мен қызметі тарихының қысқаша курсімен таныстырғым келеді.

Балқаш кен-металлургия комбинаты – Қазақстан Республикасы түсті металлургиясының аса ірі кәсіпорны, ол Балқаш көлінің солтүстік жағалауында, Бертіс мүйісінде орналасқан.

Кен-металлургия комбинатының құрылысы сонау 1930 жылы басталған. 1938 жылдың наурыз айында мамандар байыту фабрикасының құрал-жабдықтарын сынақтан өткізуге кіріседі, дәл сол жылы тұңғыш балқаштық концентрат алынады. Ал қараша айында тұңғыш Балқаш мысы беріледі.

Мыс алыбын салуға бүкіл Кеңес Одағынан орасан зор еңбек ресурстары тартылған болатын. 1937 жылы жұмысшы поселкесі пайда болды, ал кейіннен ол өсіп, металлургтердің әсем қаласы – Балқашқа айналды, 2017 жылы бұл қалаға 80 жыл толады.

Солтүстік Балқаш өңірінің қорғасын-күміс кенін қайта өңдеу жөніндегі ең бірінші кішкентай зауытын Гүлшат шоқысында 1885 жылы көпес Бекметьев салған. 1901 жылы көпес А.и.Деров Қоңырат кен орны туралы хабар берді, 1915 жылы оның бастамасын өнеркәсіпші Кузнецов қолдады. Алайда, іс бұдан әріге бармады.

Тек 1928 жылы ғана ленинградтық жас геолог Михаил Петрович Русаков Солтүстік Балқаш жағалауын барлау үшін бірінші рет экспедиция ұйымдастырды. Соның нәтижесінде 1929 жылы Қоңырат Кеңес Одағының аса ірі мыс кен орындарының біріне айналды. 1929-1930 жылдардың қысында Русаков былай деп жазады: «Бұл Балқаш маңындағы мыс балқыту комбинатының болашақ тарихының ең алғашқы қорқынышты беттері болатын. Боран құтырып тұрды. Аяз 40 градусқа дейін жететін. Азық-түлік қорымыз тапшы. Қырқұлақ қаупі төніп келе жатты. Адамдар жұпыны барактар мен жеркепелерді паналады. Бірақ, жұмыс тоқтамай жүрді, бірнеше ондаған адам табандылықпен жұмысты жалғастыра берді!».

 

 

 

КСРО-ның басқа өнеркәсіп алыптарына қарағанда Балқаш мыс балқыту комбинатының тарихындағы даярлық кезеңі ұзақ уақытқа созылды (1931-1935 жылдар). Құрылыс шын мәнінде тақыр далада, ірі өнеркәсіп орталықтары мен магистралдық жолдардан жырақта басталды. Ал Балқаш пен Қарағанды арасындағы, Бектау атаның (қыста мұз қатқан Балқаш арқылы Жетісуға Уәли байдың бұрынғы мал айдайтын жолы) шығысындағы ескі Валиев тракті шегініп келе жатқан армияның жолына ұқсайтын: қарға тасталған автокөліктер, машиналардың зілдей бөлшектері, жанармайдың темір бөшкелері, құлаған жылқылар мен түйелердің қасқырлар жегеннен кейін қалған өліктері. Тек 1934 жылдың 26 қазанында КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариаты басынан бастап аяғына дейін кеңестік инженерлер әзірлеген Балқаш мыс балқыту комбинатының ірі жобасын бекітті.

1929 жылдан 1935 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жұмыстар кезеңінде 149 миллион рубль игерілді, 1935 жылы бөлінген қаражат 70 миллионды құрады, ал 1936 жылы – 130 миллион рубльге жуық болды.

1935 жылдың 20 желтоқсанында құрылыс алаңына бірінші составтар келіп тоқтады. Осы күннен бастап барлығы жаңаша беталысқа ие болды. Балқаш маңы құрылысының тапсырыстары еліміздің 150-ден астам кәсіпорнында орындалды. Олардың орындалу барысын Г. К. Орджоникидзе тікелей қадағалап отырды. Оралмашзауыты байыту фабрикасына және металлургия зауытына арнап құрал-жабдық әзірледі, оның ішінде кен уақтаушы жабдық бар, штейн мен шлактарға арналған шөміштер жасады. Ново-Краматорск машина жасау зауытының алдында екі конвертор және екі электр көпірлі крандарын жеткізу міндеті тұрды. Старо-Краматорск зауытында болашақ комбинатқа арналған шлак вагондары жасалып шықты.

 

 

 

Қали тоМПиев – өнеРКәсіП фабРиКа сының тұңғыш ізашаРы

 

Менің атамның еңбектегі өмірбаянына оралайық. 1936 жылы КСРО түсті металлургиясына сіңірген еңбегі үшін Қали Томпиев КСРО Түсті металлургия халық комиссарының №353 Алғыс қағазымен марапатталып, құнды сыйлық – патефон алады. Сол кезде бірге жұмыс істеген технолог В.Янцевтің айтуынша, бұл факті металл плиткада «Өнеркәсіп фабрикасының бірінші ізашары Томпиев Қали» деген жазумен мәңгілікке тасқа түсті, ол фабриканың бесінші секциясының металл колоннасына бекітілді. Жазу фабрика қайта жаңғыртылғанға дейін (ХХ ғасырдың 80-жылдары) сақталды.

«1938 жылдың 23 қарашасынан 24 қарашаға қараған түнде, – деп еске алады Қали, – инженер Н.Бакурадзенің ауысымы конверторға үш шөміш штейн салып, оны зарядтайды. Үш ауысым қатарынан біз конвертордың жанынан кетпедік. Менімен бірге Василий мен Федор лошкаревтар, Әубәкір Әлімжанов, Александр  Вепрев, Василий  Баранов, Андрей Кернюхин, Константин Михайлов, шағылдырғыштар Владимир Гужавин,  Михаил Трофименко мен Федор Бундин жұмыс істеді. 24 қараша күні сағат 17-де конвертордан орасан зор ағыспен мыс саулады».

Бірінші рет құйып алынған қара жезден пластинкалар кесіп алынған болатын, оны бүгінгі күнге дейін көптеген металлургтар ғана емес, сонымен бірге Балқаштың басқа да жұмыскерлері, оның ішінде менің атам да құнттап сақтап келді. Олар үшін бұл жай ғана бір жапырақ металл емес, бір кездегі Балқаштың шөл даласында ірі мыс балқыту комбинаты мен қала салған адамдардың қажымас қайратын, алғашқы жеңісін еске түсіретін қымбат кәдесый.

 

 

 

Тағдырдың жазуымен дәл осында, Балқашта, Қали Карсон руынан шыққан Қаракесектің Рыскүл атты сұлу қызына үйленеді, ол оған 10 бала туып берді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде комбинат жұмысшыларының алдына маңызды міндет қойылды – майданға барынша көп мыс, әсіресе молибден беру. Міне, сол 1942 жылдың өзінде комбинат әскери өнеркәсіпке арналған осы металл өндірісін жолға қойды, ол танкілердің бронін дайындау үшін пайдаланылды.

Соғысқа дейін елде молибден көп өндіріле қоймағанын айта кеткен жөн, дегенмен, Қоңыраттың мыс кенінің құрамында осы элементтің бар екендігі 30-жылдардың өзінде-ақ мәлім болған. Алайда, мыс кенінен осы металды қоса алу тәжірибесі әлемнің ешбір елінде болған жоқ. 1934 жылдан бастап ленинград тау-кен институтының түлегі, ғалым-инженер Е.и. А н т о н о в с к и й Балқашта мыс кенінен молибден алу бойынша зерттеулер жүргізді. Соның нәтижесінде 1939 жылдың 10 наурызында бірінші рет жартылай өнеркәсіптік молибден концентраты алынды.

Балқаш кен-металлургия комбинатының өнеркәсіптік әлеуетін құруға Кеңес Одағының түрлі түкпірінен келген инженер-техник мамандар мен қатардағы жұмысшылар қатынасты. Олардың арасында менің атам да болды – Қазақстандағы тұңғыш дипломды металлургтердің бірі әрі стахановтық қозғалыстың бастамашысы. Сонымен, 1935 жылдың 25 қазанында республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің №247 санында журналист былай деп жазады: «Қали – байыту фабрикасының шебері, бес айдан бері инженер қызметін де қоса атқарып келеді, сонымен қатар фабриканың парторгы болып табылады. Ол бізді гүрсілдеген механизмдердің арасына кіргізіп, кенді байыту процесінің технологиясы жайлы әңгімеледі, және де мақтанышпен «Бұл біздің фабрика, бұл біздің қаламыз!» деп қайталай берді».

Балқаш қаласын және кен-металлургия комбинатын дамытуға қосқан үлесі үшін Қали Томпиев үкіметтік наградалармен атап өтілді, ол Балқаш қалалық партия ұйымының атынан Қазақстан большевиктері Коммунистік партиясының алғашқы үш съезіне делегат болып сайланды. 9 жыл ҚазКСР КП(б) ОК мүшесі болды, 50 жылдан астам КПСС қатарында болды, бірнеше рет Балқаш қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланды.

Осы тұста сонау алыс жылдардағы БКМК-ның дағдылы жұмыс күндері мен ерекше адамдары туралы С.Санбаевтың «Мыс алыбы» атты кітабынан үзінді келтіргім келеді: «Ауысым шебері Томпиев Қали, әрі партия ұйымының хатшысы, отыз жастар шамасындағы ұзын бойлы жігіт екен, ол қатты қынжылып, екілене қолын сермей, болған оқиғаға кінәлі екендіктері неғайбіл  уақтаушыларды – екі егде орыс пен жас қазақ жігітті мықтап ұрысты. Тіпіт, байытушы мамандығын өткен жылы ғана Красноуральск зауытында меңгерген сол Томпиевтің өзі де апаттың себебін әлі жіті білмейтін тәрізді. Желіде үнемі бірдеңе болып жататын, өйткені кеннің кесектілігі, осында айтылып жүргендей, «Саймонсқа» арналған бүкіл ықтимал мөлшерлерден асып кете беретін кенмен жұмыс істеуге тура келді.

 

 

 

 

- Мен айттым ғой, кен тез жүреді! – деп Томпиев ауысым инженерінің алдынан шықты. – Уақтауыш бір күн шыдады, екі күн, бірақ тұтастай он күн бойы шыдау деген...

- Тоқтай тұршы! – деп, Камал оны тоқтатпақ болып еді, бірақ шебер оны тыңдамастан, төсеме тақтаға жылдам жүгіріп шығып, машинаның қылтасынан шығып тұрған кен үйіндісін ұстай алды.

- Міне, көрдіңіз бе! – деп жалғастырды Томпиев, оның жарқын даусы енді айқайға ұласты. – Кесектер де шектен тыс ірі, зеңбіректен атылғандай ұшып жатыр! Бұл кімге керек, Камал? Сіз бізге қажетті мөлшердегі кенді беріңіз! Және де ол бірсарынды келіп тұруы тиіс! Міне, Әубәкір Красноуральскіде бұлай емес екендігін айтып береді! – деп, ол уақтаушыларға жүгіріп келген Әлімжановтан қолдау күте қарады.

- Оның айтатын несі бар, олардың гүрсілі жорғадай жүйткиді, – деп қостай кетті Әлімжанов, Томпиев құсап қолдарын сермей. – Оның үстіне кесеге су құйып қойшы – бір тамшы да төгілмейді, ал бізде...».

Қали Томпиевпен қатарласа Балқаштың мыс алыбын Д.А.Қонаев, К.Қадыржанов (ҚазКСР түсті металлургия министрі болған бірінші қазақ), К.Ташкитов, С.Орджоникидзе, В.иванов, и.Волков, А.Жездібаев, Ә. және Н. Әлімжановтар, К. және А.Әбдіғалиевтер, Ж. Бейісов (КСРО Социалистік Еңбек ері) іспетті көрнекті адамдар салды.

 

 

 

 

Қали тоМПиевтің табысҚа толы өМіРбаянының ҚысҚаша таРихы

 

1937 ж. шілде (Алматы қ.) – Балқаш қаласынан Қазақстан КП (б) Бірінші съезінің делегаты болып сайланды (№491 мандат).

1938 ж., шілде (Алматы қ.) – Қазақстан КП (б) Екінші съезінің делегаты (№110 мандат). Сол жылы Қазақ КСР-і ОАК төрағасының қолы қойылған «Қазақстанға 15 жыл» төсбелгісін алды.

1939 жылы Балқаш қ. тұрғындары Қ.Томпиевті Балқаш қалалық халық депутаттары кеңесіне депутат етіп сайлады (депутаттық куәлігі №52).

1940 ж., наурыз (Алматы қ.) – Қазақстан КП (б) Үшінші съезінің делегаты (№453 мандат).

1940 жылы еңбек майданындағы жетістіктері үшін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Қ.Томпиевті №3189 «Құрмет қағазымен» марапаттады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әрбір оныншы оқ Балқаш мыс балқыту зауытында құйылған болатын, мұнда күндіз-түні «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін!» ұранымен Қали Томпиев та еңбек етті. 1945 жылы ол КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды (№.198633).

Ұлы Отан соғысындағы жеңістен кейін комбинат басшылығы КСРО Үкіметінің ауыл шаруашылығын кадрлармен нығайту жөніндегі шешімін орындай отырып, сондай-ақ, денсаулық жағдайын ескеріп, Қ.Томпиевті партия ұйымдастырушысы лауазымымен БМБК-на тиесілі Қызылтау подхозына жіберді.

1952 жылдан бастап менің атам Ақшатау кен-байыту комбинатында байытушы-шебер болып жұмыс істеді, мұнда да бірнеше рет үкіметтік алғыс қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

1958 жылы зейнетке шығып, республикалық дәрежедегі зейнеткер атанды.

 

 

 

Қали Томпиев 1986 жылы 14 қаңтарда, жұбайы Рыскүлдің өлімінен кейін тура жарты жылдан соң өмірден өтті. Ақшатау тауларында ата-бабасының қорымына жерленді.

...2016 жылдың ақпан айында Балқаш қаласының орталық көшелерінің бірі Қали Томпиевтің құрметіне аталуына 20 жыл толды. Қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ескерткіш бұрыш ашылды, онда Қали Томпиевтің өмірі мен қызметінің тарихи маңызды құжаттары сақталған.

Қали мен Рыскүлдің балалары, немерелері мен шөберелері ата-анасының ізгілікті істерін жалғастырып, өз өңірінің және республикамыздың дамуына лайықты үлес қосуда.

 

 

 

 

МАРАЛл ҚазКенұлы тоМПиев, Қазақстан құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының президенті, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының вице-президенті, Халықаралық және Ұлттық инженерлік академиялардың академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Құрметті құрылысшы және ҚР Құрылыс индустриясының құрметті қызметкері, Қали Томпиевтің немересі.

 

 

 

РедаКциЯДАН

 

Біз оны – Кеңес адамын әрдайым жақсы көрдік, қазір де жақсы көреміз. Сол адамдардың бойында қандай да бір жоғары идеялар болатын. Өзін-өзі құрбандыққа шалудың керемет қабілеті бар еді.

Сұрапыл сенім оларға күш-қуат берді, оларды Отан үшін бастарын тігуге итермеледі... Олар жан түршіктіретін ерліктер жасады, күшті мемлекет құрды, және де дәл осы адамдар еліктеуге лайықты тұлғалар, біздің қиын кезеңіміздің ұлттық батырлары болуы тиіс. Қазіргі және болашақ Томпиевтар тегінің жалғастары өздерінің атақты, ірі істердің қамын жейтін, қажымас, қайсар аталары – Қали Томпиевтың туын тік көтеріп жүретін болады деп сенеміз.

 

 

МАТЕРИАЛЫ, КОТОРЫЕ МОГУТ БЫТЬ ВАМ ИНТЕРЕСНЫ

Адрес редакции:

 

Республика Казахстан, 050026, г. Алматы,

ул. Кожамкулова,16В

 

Тел.:  +7 (727)233 50 42

 

Моб.: +7 702 765 20 00

            + 7 777 276 64 32

 

e-mail: novaera01@bk.ru

Издается  с января 2014 г.

Зарегистрирован в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Регистрационное свидетельство №15904-Ж от 25.03. 2016 г.

Собственник и издатель – ИП «Костина И.А.»

 

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.